Әлемдегі ең табысы мол авиамаршруттар аталды
Салынған уақыты 10.03.2020 14:17
OAG халықаралық аналитикалық компаниясы 2018 жылдың сәуір айынан бастап 2019 жылдың наурыз айына дейінгі деректерді талдап, көбірек пайда әкелетін авимаршруттарды анықтады. Есепте ең танымал бағыттардың біріне Лондон да жатқызылды деп хабарланған.
Талдау нәтижелеріне сәйкес, авиатасымалдаушыларға ең көп табыс алыс магистральды рейстерден түседі екен. Ең қызықтысы, аса қымбат маршруттарға қызмет көрсететін авиакомпаниялардың шамамен жартысы OneWorld альянсының қатысушылары болып табылады. Зерттеу қорытындысы бойынша Skyteam авиаальянсының мүшелері ТОП ондыққа крімейтін болып шықты. Рейтинг көшбасшысы British Airways авиакомпаниясына 1 млрд 159 млн доллар әкелген Нью-Йорк-Лондон бағыты болды. Екінші орынды Qantas пен оның Мельбурннан Сидней қаласына қатынайтын маршруты (861 млн доллар) иеленді. Үштікті Emirates компаниясы түйіндеді. Лондон-Дубай бағыты авиакомпанияның қазынасын 796 млн долларға толықтырды.
Осылайша, 2018-2019 жылдары ең қымбат маршруттарға Британия, Австралия, Эмират, Сингапур, Гонконг, Америка және Канадан авиатасымалдаушылары қызмет көрсетті. Айта кету керек, рейтингте халықаралық лоукостерлер де жоқ. Сондықтан азаматтық тасымалдау нарығына бюджеттік компаниялардың келуіне байланысты бәсекелестіктің өсуіне қарамастан, кәдімгі авиакомпаниялардың рейстері барынша табысты болып қала береді.
3320