ruenkz

Etihad Airways отбасымен саяхат жасау үшін ең қолайлы авиакомпания атанды

Салынған уақыты 05.03.2020 11:38

Зерттеу қорытындысы шығарылды, нәтижесінде отбасымен саяхат жасау үшін ең үздік авиакомпания анықталды. Рейтингті Біріккен Араб Әмірліктерінің тасымалдаушысы Etihad Airways басқарды, деп жазады Simple Flying.

Белгілі болғандай, 37 әлемдік авиатасымалдаушының борттық сервисінің мүмкіндіктері зерттелді. Олардың арасында отбасымен саяхаттау үшін үздік он компания таңдалды. Үздік үштікке Etihad Airways бірге Air Canada мен Qatar Airlines кірді. Дәл осы тасымалдаушылар балалары бар жолаушылар үшін ыңғайлы орындар, ұшу кезінде керемет ойын-сауық жүйесін, борттағы қосымша жабдық: бесік, балалар арбалары мен арнайы креслолар, сондай-ақ арнайы әзірленген балалар мәзірін ұсынады.

Ең үздік ондыққа сондай-ақ United Airlines, Aer Lingus, TAP Air Portugal, American Airlines, British Airways, Oman Air және Turkish Airlines кіргенін назарға саламыз. Зерттеу барысында жолаушылардың пікірлері қаралды, әлеуметтік желілерде дауыс беру жүргізілді және әуежайда саяхатшылардың жеке сауалдары ұйымдастырылды. Айта кету керек, туристердің көпшілігі отбасымен саяхаттау кезінде басты фактор ретінде лайнер салонында ұсынылатын қосымша сервис емес, авиатасымалдаушының сенімділігін атады.

924