IATA 2020 жылы 17 жылда бірінші рет авиаұшуларға деген сұраныстың төмендеуін күтуде
Салынған уақыты 03.03.2020 11:47
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) алдын ала бағалауы бойынша жаңа үлгідегі коронавирустың өршуі Азия-Тынық мұхиты аймағындағы жолаушылар авиатасымалына сұранысты 2020 жылы 13%-ға азайтуы мүмкін, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.
Бұған дейін 4,8% - ға өсетіні болжанған өңірде биыл 2019 жылға қарағанда жолаушылар тасымалы 8,2% - ға төмендейді деп күтілуде. Бұл АТР авиакомпаниялары үшін түсімнің 27,8 млрд долларға түсетінін білдіреді,оның негізгі бөлігі қытайлық авиатасымалдаушыларға (12,8 млрд доллар) тиесілі, деп атап айтылған қауымдастық хабарламасында. Қалған аймақтардағы авиакомпаниялардың кірісі індетке байланысты 1,5 млрд долларға төмендейді деп бағалауда IATA.
«Кірістің мұндай төмендеуі жаһандық кіріске қалай әсер ететінін бағалау әлі ерте. Біз аурудың өршуі қалай дамитынын және ол SARS (2002-2003 жж. атиптік пневмония індеті - ИФ) бейініне сәйкес келе ме, жоқ па екенін әлі білмейміз», - делінген хабарламада.
3349