Qatar Airways өзінің IAG-тағы үлесін 25,1%-ға дейін ұлғайтты
Салынған уақыты 02.03.2020 11:07
Qatar Airways Ltd. Еуропадағы ең ірі авиатоптардың бірі - International Consolidated Airlines Group s.a. (IAG) үлесін - 21,4%-дан 25,1%-ға дейін ұлғайтты, деп жазады Интерфакс-Қазақстан.
«Біздің IAG-тағы инвестициямыз табысты болып отыр, компаниядағы үлесімізді арттыруға деген ниет IAG-ны және оның стратегиясын қолдайтынымыздың дәлелі», - деп мәлімдеді Qatar Airways бас атқарушы директоры Акбар әл-Бакер.
«Qatar Airways авиакомпанияға инвестиция салу мүмкіндіктерін бағалап, бүкіл әлем бойынша авиажолаушыларға арналған мүмкіндіктерді жақсартуға қатысты біздің тұжырымдаманы бөлісетін басқарушылар командаларын қолдауды жалғастыруда", - деп атап өтті ол.
IAG British Airways, Aer Lingus, Iberia, Vueling және Level авиакомпанияларын, сондай-ақ жүк әуе тасымалы саласындағы бірқатар брендтерді біріктіреді.
3392