Түркияда дроны бар туристерге ірі көлемде айыппұл салынады
Салынған уақыты 28.02.2020 11:23
Түркия билігі әуе қауіпсіздігі ережелерін бұзу бойынша жазаны күшейтеді. Бұл ұшақтардағы жанжалдар және ұшқышсыз басқарылатын құралдарды пайдалануға қатысты. Түркияның азаматтық авиация басқармасының ақпаратына сілтеме жасап, РИА Новости хабарлағандай, жолаушыларға ұшақ бортында бұзақылық жасағаны үшін 2 603 түрік лирасы (шамамен 151 200 тнг.) көлемінде айыппұл салынады.
Жергілікті органдарда тіркелмеген дронды пайдаланғанв үшін фотографтар 9 013 түрік лирасын (шамамен 532 000 тнг.) төлейтін болады. Тіркеу кезінде өзінің ұшқышсыз басқарылатын құралының сипаттамалары туралы дұрыс емес ақпарат берген жағдайда 18 025 түрік лирасы (1 058 400 тнг.) көлемінде айыппұл салынады. Түркия билігі дрондар ұшақтарға үлкен қауіп төндіретінін, олардың ұшулары бірнеше рет бортта төтенше жағдайлардың орын алуына себеп болғанын атап өтті.
Түркияға кіргенде дронды тіркемеу үшін туристерге жергілікті дүкеннен құрылғыны сатып алу ұсынылады. Түрік ережелері бойынша оның салмағы 500 грамнан аспауы тиіс, оны ауада 120 метр биіктіктен аса көтеруге, халық көп жиналған орындарда ұшыруға, өзге тұлғаларға пайдалануға беруге, ауа-райының нашарлауы жағдайында қондырғыны пайдалануға және т.б. болмайды.
3820