ruenkz

Airbus A330-800neo ақырында сертификаттаудан өтті

Салынған уақыты 26.02.2020 15:36

13 ақпанда Airbus концерні Airbus A330-800neo лайнерін сертификаттаудан сәтті өткенін жариялады. Ұшақ Еуропалық авиациялық қауіпсіздік жөніндегі агенттіктен (EASA) және Федералды авиациялық басқармадан (FAA) барлық қажетті құжаттаманы алды деп жазады Simple Flying.

Airbus A330-800neo әуе кемесі 2019 жылдың ортасынан бері сертификаттаудан өтуге дайындалып жатқаны айтылды. Уақыты қайта-қайта ауыстырыла берді, ал кейде тіптен авианарық бұл лайнер түрі сертификаттаудан өте ала ма екен деген күмәнда болды. Өткен жылдың күзіне қарай концернде тек 10 ұшаққа тапсырыс берілген болатын, сондықтан тіпті бұл модельді шығаруды толық тоқтату туралы болжам да айтылды. Алайда бәрі басқаша аяқталды.

Бүгін Airbus A330-800neo сертификат алып, аспанға көтерілуге дайын. Салонның үш сыныптық конфигурациясы 220-дан 260 жолаушыға дейін сыйғыза алады, егер бортта тек экономкласс болса, онда лайнер 400-ге жуық саяхатшыны тасымалдай алады. Қазіргі уақытта Airbus A330-800 сатып алуға тапсырыс Kuwait Airways (8 ұшақ), Uganda (2 ұшақ) компанияларынан келіп түсті. Тағы 4 әуе кемесі «құпия клиентке» жеткізіледі.


 

3551