ruenkz

Әлемдік авиатасымалдаушылар ұшақта үздіксіз wi-fi-vty-мен қамтамасыз ету әдісін ойлап тапты

Салынған уақыты 26.02.2020 10:41

18 ақпанда Seamless Air Alliance тобы ұшу кезіндегі байланыстың жаңа стандартымен таныстырды. |Ұшу барысында үздіксіз wi-fi-мен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін жаңа платформа әзірленді делінген компанияның баспасөз хабарламасында.

Озық жоба жетекші әлемдік авиакомпаниялар мен салалық мобильді байланыс сарапшыларының қатысуымен құрылған деп хабарланады. Жаңа құрылғының жұмыс істеу принципі модульдік құрылымға және ашық интерфейстерге негізделген, осының арқасында жүйе авиалайнер салонында қосымша жабдықтың бейімделуін немесе енгізілуін талап етпей, кез келген аумақта сымсыз интернетті тез енгізуге мүмкіндік береді.

«Жолаушылар ұшу кезінде жақсы интернет-қосылыстың болуын жиі талап етуде, ал бұл авиакомпанияны өз сервисіне мұқият көңіл бөлуге мәжбүрлейді. Virgin Atlantic жаңа әзірлеме тасымалдаушыларға көбірек мүмкіндіктер алуға және клиенттердің тілектерін қанағаттандыруға мүмкіндік береді деп есептейді», - деді Virgin Atlantic дамыту жөніндегі менеджері Марк Чейни.

714