ruenkz

«Т» әрпі түріндегі жаңа ұшақ керосинсіз ұша алады

Салынған уақыты 25.02.2020 11:10

Американдық инженерлер Her0 Zero Emissions Airplane инновациялық жолаушылар ұшағының тұжырымдамасын ұсынды, ол болашақта әлем бойынша саяхат жасаудың экологиялық таза тәсілдерінің бірі бола алады, деп хабарлайды Travel and Leisure. Лайнердің «қиғашталған Т әрпіне» ұқсайтын футуристік бейнесі бар. Әуе кемесінің қанаттары оның артқы бөлігіне жылжытылған, ал олардың ұштары жоғары қарап тұрады. Бұл теңгерімділікке қол жеткізу үшін қажет, өйткені артқы бөлікте ауыр батареялар болады. Электр жетегі бар артқы бұрандалар ұшақтың алға жылжуы үшін тартылысты қамтамасыз етеді. Сарапшылардың айтуынша, Her0 бірегей формасы барлық авиациялық салаға жаңалық әкелуге қабілетті.

Инженерлердің айтуынша, ұшақты отын қозғалтқыштары емес, электр винттері қозғалыс жасауға мүмкіндік береді. Жылдамдық қазіргі лайнерлерге қарағанда сәл баяу шығады. Бірақ оның орнына — көміртек бөлу нөлдік деңгейде. Лайнер әлі қағаз  нұсқасында болуына қарамастан, инженерлер оны шындыққа айналдыруға көмектесетін атақты дизайнер Джо Дусетпен өзара ынтымақтастықты бастады.

Air Transport Action Group тәуелсіз компаниясының деректері бойынша әлемдік авиация өнеркәсібі қазіргі уақытта адамның көмірқышқыл газының барлық шығарындыларының шамамен 2%-ын өндіреді. Алайда әлемде ұшудың экологиялық таза нұсқаларын іздеу үрдісі байқалуда. Осылайша, желтоқсан айында Канадада әлемдегі алғашқы электр коммерциялық рейс жасалды. Ол 15 минутқа созылған. Airbus авиақұрастырушысы да электр ұшақтарын жасау бойынша жұмыс істеуде.

3526