ruenkz

Airbus A350 ұшағының кабинасында сусындарға тыйым салатын аймақ пайда болуы мүмкін

Салынған уақыты 24.02.2020 11:09

Airbus A350 авиалайнері ұшқыштарының кабинасында сусындарға тыйым салынған арнайы аймақты жабдықтауы мүмкін. Осылайша, ұшақтың штурвалында болған кезде ұшқыштар шай немесе кофе іше алмайды, деп жазады Simple Flying. Хабарламада айтылғандай, осындай ерекше талапты Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігі (EASA) шығарды.

Ұшқыштар кабинасында төгілген сұйықтықтар ұшақтың қозғалтқыштарының бірінің тоқтауына алып келген екі оқиғаны басшылыққа ала отырып, EASA Airbus A350-900 және A350-1000 кабиналарында «сұйықтықсыз» арнайы аймағын құру мәселесін қарастыруды ұсынды. Естеріңізге сала кетсек, алғашқы оқиға 2019 жылғы 9 қарашада Asiana авиакомпаниясының Airbus A350-900 лайнерінде Сеул — Сингапур рейсін орындау кезінде болған. Ұшу кезінде орталық постаментке шай төгілуінен кейін ұшақтың оң қозғалтқышы өшірілді. Екінші оқиға «Delta AirLines» тасымалдаушысы Airbus A350-900 әуе кемесінде Детройттан Сеулге ұшуды орындаған кезде 2020 жылдың 21 қаңтарында орын алған. Ұшқыштар кабинасындағы сұйықтық да аспаптар панеліне төгілді, бұл қозғалтқыштардың бірінің ажыратылуына алып келді. Екі жағдайда да қозғалтқышты қайта іске қосу әрекеттері сәтсіз болды. Ұшақтар қосалқы әуеайлақтарға жөнелтіліп, сәтті қонды.

Осыған байланысты ЕASA өкілдері Airbus A350 ерекше «сезімтал» жабдық деп есептейді, оған деген сыртқы әсер қозғалтқыштардың жұмысында қателерді тудырады. Қазіргі уақытта Airbus басшылығы ұшақтың осы түрі үшін ұшу жөніндегі нұсқаулықты қайта қарауда және жақын арада ұшқыштардың кабинасында кез келген сусындар мен сұйықтықтарға тыйым салатын аймақ анықталады. Алайда, мұндай оқиғалар тек Airbus A350 қатысты ғана болмайды. 2019 жылдың қыркүйек айында Airbus A330-243 лайнері төгілген кофе салдарынан шұғыл қонуға мәжбүр болды.

3668