ruenkz

Air Italy авиакомпаниясы қызметін тоқтатқаны туралы хабарлады

Салынған уақыты 20.02.2020 16:16

11 ақпанда Air Italy авиакомпаниясы өз қызметін тоқтатты. Италияның көлемі жағынан екінші тасымалдаушысы өзінің таратылғаны туралы хабарлады, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. Ресми ақпаратқа сәйкес, тарату туралы шешімді күрделі нарықтық жағдайларға байланысты акционерлер жиналысы қабылдаған.

2020 жылдың 11-25 ақпаны аралығында Air Italy барлық рейстерін басқа тасымалдаушылар кестеге сәйкес белгіленген уақытта орындайды. Жолаушылар қалаған жағдайда авиабилеттерді тапсырып, олардың құнын қайтара алады. Рейстері 25 ақпаннан кейін жоспарланған саяхатшылар үшін кез келген ыңғайлы тәсілмен — картаға, кассада немесе тасымалдаушының кеңсесінде құнын толық өтеу қарастырылған. Air Italy сайтында барлық төленбеген және аяқталмаған брондау автоматты түрде жойылады.

Air Italy авиакомпаниясы өз қызметін 2018 жылдан бастаған, оның әуе флоты 13 Boeing және Airbus лайнерінен тұрды. Тасымалдаушы AQA Holding еншілес кәсіпорны болды, оның акциялары Alisarda және Qatar Airways тиесілі.

3387