Boeing ұшақтары ешкімге қажет емес болып қалды
Салынған уақыты 17.02.2020 16:26
2020 жылдың басында Boeing 737 MAX жағдайы аясында америкалық компания бірде-бір жаңа тапсырыс алған жоқ. Оның ұшақтары 1962 жылдан бір алғашқы рет ешкімге қажет емес болып отыр, деп хабарлайды Toppress.kz, Reuters сілтеме жасап.
Boeing бас бәсекелесі еуропалық Airbus әуе өндірушісі коммерциялық лайнерлерді жеткізуге 274 жаңа тапсырыс алды. Бұл соңғы 15 жылдағы компанияның үздік нәтижесі.
Boeing бас бәсекелесі еуропалық Airbus әуе өндірушісі коммерциялық лайнерлерді жеткізуге 274 жаңа тапсырыс алды. Бұл соңғы 15 жылдағы компанияның үздік нәтижесі.
Өткен жылдың қорытындысы бойынша, Airbus азаматтық ұшақтарды жеткізу бойынша Boeing-тен екі есе озды. Бұл саладағы әлемдік көшбасшы 2012 жылдан бастап бірінші рет өзгеріп отыр, алайда еуропалықтардың артықшылығы соншама әсерлі болмаған.
Америкалық корпорацияның дағдарысы Boeing 737 MAX проблемаларымен тікелей байланысты. Бұл модельдің ұшуы өткен жылдың наурыз айынан бастап екі апаттан кейін тоқтатылды. Компания әзірше лайнерлердің қашан қауіпсіз деп танылатынын білмейді. Соңғы мәліметтерге сәйкес, АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы жылдың ортасында рұқсат беруді жоспарлап отыр.
Fitch бағалауы бойынша, осы уақытқа дейін Boeing қарызы 32-34 миллиард долларға жетеді. Ақшалай балансты қалпына келтіру үшін компания БАҚ деректері бойынша оннан астам банктерден 12 миллиард долларға несие алу туралы келісті.
Бұған дейін хабарланғандай, «Сухой азаматтық ұшақтары» бір жыл ішінде жоспарланған 20 Sukhoi Superjet 100 лайнерінің біреуін ғана сатқан. Дегенмен, 2020 жылы компания тағы 20 ұшақ шығарады.
3298