ruenkz

Qantas авиакомпаниясы джетлагпен күрес үшін қосымша әзірлеуде

Салынған уақыты 14.02.2020 15:33

Qantas авиакомпаниясы мобильді құрылғыларға арналған бағдарламалық қамтылымды әзірлеуді бастады. Қосымша жолаушыларға джетлагты жеңуге және сағат белдеулерін ауыстыруға оңай бейімделуге көмектесуі тиіс, деп жазады Lonely Planet. Бағдарлама саяхатшыларға рейске дейін және рейсте тамақтануға, жарық көздерін және гаджеттерді пайдалануға қатысты кеңестер ұсынады.

Сонымен қатар, тіпті жолаушыны ұшуға бірнеше күн бұрын дайындайтын жеке кесте жасауға, сондай-ақ межелі пунктке келгеннен кейін жеке кестені дұрыс жоспарлауға көмектеседі. Хабарланғандай, жаңа БҚ әзірлеуге тасымалдаушының тестілік рейстері нәтижесінде алынған мәліметтер көмектеседі.

Естеріңізге сала кетейік, австралиялық авиакомпания жақында континенттер арасында қонбайтын әуе байланысын іске қосу аясында Нью-Йорк — Сидней үшінші зерттеу ұшуын аяқтады. Сапар барысында арнайы қызметкерлер жолаушылар мен экипаж мүшелерінің жай-күйін бақылап отырды. Жаңа БҚ іске қосу туралы түпкілікті шешім 2020 жылдың наурыз айында қабылданады.

3382