Spirit авиякомпаниясы Нью-Йорк әуежайында жолжүкті тапсыруды автоматтандырды
Салынған уақыты 13.02.2020 16:11
Америкалық Spirit Airlines авиакомпаниясы Нью-Йорктың Ла-Гуардия әуежайында жолжүкті қабылдаудың автоматтандырылған тірегін орнатты, деп хабарлайды Авиакөлік шолу порталы. Тасымалдаушы мәлімдегендей, өз бетінше тіркеу және багажды тапсыру қызметтері бірнеше американдық әуежайларда жұмыс істейтініне қарамастан, Spirit осы технологияны толығымен өз инвестициялары есебінен енгізген алғашқы авиакомпания болды.
Багажды өз бетінше тіркеу және тапсыру процесі екі кезеңде өтеді. Алдымен жолаушыға өзін-өзі тіркеу дүңгіршегінің багаж белгісін басып шығару керек. Содан кейін ол арнайы өзіне-өзі қызмет көрсету станцияларына өтеді, онда өзінің отырғызу талонын сканерлейді және багажды көлік таспасына салады. Бұдан әрі жүйе багажды автоматты түрде өлшейді және салмағын тексереді, авиакомпания оның белгілеген нормаларға сәйкестігін тексереді және рейске одан әрі тиеу үшін жалпы өңдеу жүйесіне қайта жібереді.
3512