ruenkz

Boeing 777X өзінің алғашқы рейсін сәтті орындады

Салынған уақыты 05.02.2020 11:31

26 қаңтарда жаңа Boeing 777X Эверетт — Сиэтл бағыты бойынша алғашқы ұшуын орындады. Рейс төрт сағатқа созылды, деп жазады Simple Flying.

Сынақ ұшуы Эверетт қаласының әуежайында (Вашингтон штаты, АҚШ) орындалды. Онлайн-трансляцияны жаңа әуе кемесін құрастырған «Боинг» компаниясының ресми сайтынан көруге болады. Boeing 777X алғашқы ұшуы айтулы оқиға болғанымен қатар мұндай үлгідегі әуе кемелерін сертификаттауға ұзақ та қиын жолдың басталғанын білдіретінін атап өтті.

Boeing сынаушы ұшқыштарының бірі Тед Грэйди алдағы іс-шаралар туралы былай деді: «Бұл біз үшін керемет әрі айтулы күн болғанымен ұшу сынақтары бағдарламасының бірінші кезеңі ғана. Біз сертификаттық сынақтарды бастапқы дайындықтан өткізіп, тағы бір лайнердің сынағын өткізгеннен кейін ғана бастай аламыз".

1139