ruenkz

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде азаматтық авиацияны дамыту мәселелері бойынша шағын алқа өтті

Салынған уақыты 12.02.2020 12:10

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың төрағалығымен Қазақстанның азаматтық авиациясын дамыту мәселелері жөніндегі шағын алқа болып өтті, онда Мемлекет басшысы тапсырмаларының орындалу барысы қаралды, сондай-ақ саланың өткен жылғы жұмыс қорытындылары мен 2020 жылға арналған жоспарлары тыңдалды.
ҚР ИИДМ ААК хабарлағандай, Қазақстанда азаматтық авиация саласында негізгі көрсеткіштердің динамикасы тұрақты өсімді көрсетіп отыр. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 8,6 млн жолаушы тасымалданды, бұл 2018 жылғы ұқсас көрсеткіштерден 9%-ға артық (7,9 млн). Республиканың әуежайларында қызмет көрсетілген жолаушылар саны 17,7 млн адамды құрады, бұл 2018 жылға қарағанда 12%-ға артық (15,8 млн адам). Соңғы 7 жылда транзиттік жолаушылар ағыны 45 есеге артты. Өткен жылдың қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 1 млн.транзиттік жолаушыға дейін өсті. Транзиттік әуе рейстерінің саны 4%-ға өсті.
Бүгінгі таңда Қазақстан 26 шетел мемлекеттерімен 99 халықаралық бағыт бойынша әуе қатынасына ие (бұл аптасына 430 рейс 26 шетелдік және 3 қазақстандық авиакомпаниялар). 2019 жылдың басынан бастап қазақстандық және шетелдік авиакомпаниялар 12 халықаралық авиарейсті ашты.
2019 жылғы 1 қарашадан бастап енгізілген «ашық аспан» аясында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша 14 жаңа халықаралық авиамаршрутты ашу жоспарлануда.
Қазақстанда әуе көлігі инфрақұрылымын жаңғырту іс жүзінде аяқталды - 16 ұшу-қону жолағы (ҰҚЖ) мен Қазақстан әуежайларының 13 терминалы қайта жаңартылды.
2019 жылы қазанда Қостанай әуежайының ҰҚЖ қайта жаңарту аяқталды. 2020 жылы Түркістандағы Халықаралық әуежай мен Шымкент әуежайындағы жолаушылар терминалының құрылысын аяқтау жоспарлануда. Мемлекеттік бағдарлама аясында ішкі туризмді ынталандыру үшін ағымдағы жылы Үшарал және Үржар әуежайларының ҰҚЖ қайта жаңартуды бастау жоспарланып отыр.
Жалпы, кеңес қорытындысы бойынша бірқатар тапсырмалар берілді, олардың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев жүзеге асырады.
 

4483