2020 жылдың сәуір айында Нұрсұлтан Назарбаев әуежайының коды ауысады
Салынған уақыты 06.02.2020 11:52
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (ИАТА) өңірлік басшысы Раймондс Гунтис Нұрсұлтан Назарбаев әуежайы кодының өзгеруі 2020 жылдың сәуір айында болатынын растады. Қазіргі уақытта тиісті рәсімдер жүргізілуде. Бұл туралы Орталық Азия (ОА) елдерінің авиакомпаниялары басшыларының 2-ші дөңгелек үстелінде азаматтық авиация комитеті төрағасының халықаралық ұйымның өкілімен кездесуі барысында белгілі болды, деп хабарлайды Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығы ескерту.
Бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының жаңа кодын бекіту 2020 жылдың қаңтарында өтеді деп болжанған болатын. ҚР ИИДМ қазіргі уақытта нақты уақытты талап ететін ИАТА 763 Қарарына өзгерістердің күшіне ену процедуралары өтіп жатқанын түсіндірді. Кодты өзгерту бастамасы Варшавада ұйымның барлық мүшелерінің қатысуымен 2019 жылы 14 қазанда өткен Жолаушылар тасымалы стандарттары бойынша (Passenger Standards Meeting) ИАТА кеңесінде қолдау тапты. «ИАТА-мен бірге жаңа кодтың бірнеше нұсқасы талқыланады», - деп түсіндірді министрлікте.
Айта кету керек, шараға қатысушылар Air Astana, QAZAQ Air және SCAT (Қазақстан), AviaTraffic (Қырғызстан), Somon Air (Тәжікстан) және AZAL (Әзірбайжан), сондай-ақ ИАТА өкілдері салада авиацияның даму перспективаларын, әуе қатынасы бойынша Еуропалық Одақтың стратегиясы мен нормативтік-құқықтық базасы, әуежайлық алымдар мен API-PNR жолаушылары туралы мәліметтер жүйесін талқылады.
3708