Жапондық Mitsubishi Aircraft корпорациясы SpaceJet M90 ұшағының алтыншы прототипін ұсынды
Салынған уақыты 04.02.2020 11:23
Жапондық Mitsubishi Aircraft корпорациясы қаңтар айының басында SpaceJet M90 (тіркеу нөмірі JA26MJ) ұшағының алтыншы прототипін ұсынды. Компанияның бағдарламаларды басқару бөлімінің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі директоры Джефф Дронан ATO.ru порталына бұл барлық түпкілікті сертификаттау конфигурациясына сәйкес құрастырылған әуе кемесі екенін айтты. Өндіруші соңғы үш жылда құрастырған ұшақ үлгілеріндегі барлық өзгерістерді осы жаңа ұшаққа енгізді.
Қазіргі уақытта ұшақ бірінші ұшуға дайындық шеңберінде корпорацияның өндірістік объектілеріне жақын Нагоя әуежайындағы жердегі сынақтардан өтуде (IATA коды: NKM; Айти префектурасы). Содан кейін ол үлгіні сертификаттауды аяқтау үшін АҚШ-та ұшу сынақтарынан өтіп жатқан қалған төрт M90 прототипіне қосылуы керек. 2014 жылғы мамырда ұсынылған ӘК бірінші прототипі жерүсті сынақтары үшін пайдаланылады. Жапон өндірушісінің өкілі JA26MJ бортының М90 бағдарламасындағы соңғы прототип болатынын нақтылаған жоқ.
3582