ruenkz

Airbus компаниясы ұсынған жаңа алып ұшақ көкке көтерілді

Салынған уақыты 03.02.2020 15:04

Жақында шыққан Airbus Beluga XL ұшақтарының бірі алғаш рет көкке көтерілді. Сарапшылар келесі онжылдық ішінде азаматтық авиацияда пайдаланылатын жолаушылар лайнерлерінің құрылысында жаңа дәуірді ашатынына сенімді. Бұл туралы CNN Travel жазады.

Бұл белуха-кит пішіміндегі супер жүк транспортерін Airbus компаниясы өзінің Еуропадағы өндірістік алаңдары мен Франция, Германия және Қытайдағы соңғы құрастыру желілері арасында әуе көлігінің компоненттерін тасымалдау үшін құрастырған болатын. Airbus компаниясы бұл ұшақтың компания үшін маңызы зор екенін айтты. Көкке көтерілген бұл машина 1995 жылдан бері ұшатын Beluga немесе Airbus A300-600ST ұшақтарының орнын басушы.

Ұшақ дизайны A330 авиалайнерінен алынған, сонымен қатар Airbus инженерлері шарықтау палубасын түсіріп, кит пішімді үлкен жүк бөлігін жасап шығарды. Ұшақтың жалпы ұзындығы 63 метр, ені - 8 метр. Ұшу ұзақтығы 4 000 км дейін. Конструкторлар ұшақтың ерекше түріне қарамастан, оны басқару A330-мен бірдей екенін айтты. Келесі үш жыл ішінде тағы бес Beluga XL ұшағы жасалады.

3577