Airbus ұшағы алғашқы рет толық автоматты ұшып көтерілуді орындады
Салынған уақыты 31.01.2020 12:03
Airbus компаниясының хабарлауынша, А350-1000 лайнерінің алғашқы автоматты түрде ұшып көтерілу Тулуза-Бланьяк әуежайында жасалды. Сынақ ұшағының бортында екі ұшқыш және үш инженер болды. Жалпы, эксперимент барысында 4.5 сағат ішінде 8 автоматты ұшып көтерілу орындалды.
Компанияның мәлімдеуінше, бұл автоматты ұшып көтерілу әлемдегі барлық жолаушылар ұшақтары қолданатын курстық-глиссадтық жүйені (ILS) пайдаланудың орнына бейнелерді танудың борттық жүйесі көмегімен орындалды.
Airbus 2018 жылы ATOLL (автономды рульдеу, ұшу және қону) жобасы іске қосылғанын еске салды және автоматты ұшып көтерілу оның маңызды сатыларының бірі болып танылады. Биылғы жазда автоматты қонуды және рульдеуді сынау жоспарланып отыр.
3500