ruenkz

Қытай Халық Республикасымен әуе қатынасы туралы ақпарат

Салынған уақыты 30.01.2020 15:02

Қытай Халық Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаевтың басшылығымен Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы ведомствоаралық комиссия 3 ақпаннан бастап, Қытай Халық Республикасымен тұрақты әуе қатынасын уақытша тоқтату туралы шешім қабылдады.

Екі ел арасында тұрақты рейстер "Эйр Астана", "SCAT" (Қазақстан), "China Southern Airlines" және "Air China" (Қытай) әуе компанияларымен Қазақстанның Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Қытайдың Бейжің, Үрімші, Сиань, Санья, Хайкоу қалалары арасында орындалады.

Ағымдағы жылдың 3 ақпанынан бастап жоғарыда көрсетілген рейстерге билеттері бар жолаушылар әуе билеттерді сатып алу орны бойынша қайтаруды рәсімдеуі қажет. Әуе билеттерді қайтару айыппұлсыз рәсімделеді және толық көлемде қайтарылады. Қалып қойған жолаушыларды елге қайтару үшін Бейжің және Үрімші қалаларынан қосымша рейстер ұйымдастырылады.

Бұған дейін коронавирустың таралуына жол бермеу бойынша қабылданып жатқан шаралар аясында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен ҚХР азаматтарының Қазақстан аумағында 72 сағаттық визасыз транзиттік тәртібі уақытша тоқтатылған болатын.

Сонымен қатар, коронавирустық инфекция бойынша қалыптасқан жағдай жақсарғанға дейін азаматтарға Қытай Халық Республикасына басқа көлік құралдарымен жол жүруден бас тарту ұсынылады.

«Эйр Астана» әуе компаниясының байланыс орталықтары: Алматы қ. +7 7272 444477, Астана қ. +7 7172 584477, ұялы телефон: +7 702 702 4477. SCAT әуе компаниясының байланыс орталығы +7 7252 998880.

 

«ҚАЗАҚСТАННЫҢ АВИАЦИЯЛЫҚ ƏКІМШІЛІГІ» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

3558