ruenkz

Арктикада жаңа әуежай салынбақ

Салынған уақыты 29.01.2020 11:37

Арктикада Ямало-Ненецк автономиялық округінде жаңа әуежай салынады деп хабарлайды Туристер порталы. Гыдан түбегінде «Утренний» әуежайы құрылысының жобасын РФ Бас мемлекеттік сараптамасы мақұлдады. Әуе айлағы бірінші кезекте аймаққа Утренний мұнай-газ конденсаты кен орнының вахталық персоналын және жүктерді жеткізу үшін пайдаланылатын болады.

Әуежайда ұшу-қону жолағы, рульдеу жолдары, ұшақтардың перрондары мен тұрақ орындары, терминал және диспетчерлік пункт болады. Әуе айлағына автожол төселіп, қонақ үй және өзге де шаруашылық және техникалық ғимараттар салынатын болады. Әуе айлағы кіші және орта авиацияның ұшақтарын, ресейлік және шетелдік турбовинттік, сондай-ақ жүк-жолаушылар тікұшақтарын қабылдай алады.

3613