Airbus ұшақтарда қараңғылауға болатын терезелер жасамақшы
Салынған уақыты 28.01.2020 10:55
Airbus авиаконцерні өзінің әуе лайнерлеріне қараңғыланған терезелерді енгізу мүмкіндігін қарастыруда. Иллюминаторлар электрондық басқару жүйесімен жабдықталады,деп жазады Simple Flying.
Электрондық басқарумен (EDW) әлемдегі жетекші терезелерді жеткізуші Gentex компаниясы болып табылады, ол Мичиганда орналасқан. Gentex басшылығы Airbus соңғы буынды EDW ұшақтарына енгізетінін жариялады. EDW Бірнеше артықшылықтары бар. Біріншіден, жүйе жолаушыларға терезені қараңғылатса да сыртта болған барлық оқиғаларды көруге мүмкіндік береді. Екіншіден, EDW әуе кемесінің салмағын жеңілдетіп, дәстүрлі терезе перделерге деген қажеттілікті жояды. Бастысы, жүйе кабинаға инфрақызыл энергияның кіруін тежейтін және ауаны баптауға қажеттілікті төмендететін кіріктірілген жылу бақылау функциясына ие.
Естеріңізге сала кетейік, осындай EDW жүйесі алғаш рет Boeing 787 Dreamliner лайнерінде қолданыла бастады. Бүгінгі күні бұл иллюминаторларды электронды түрде қараңғылату жүйесімен жабдықталған ұшақтардың жалғыз үлгісі.
3527