ruenkz

Спорт дегеніміз күш-қуат, жастық және ұзақ өмір сүру

Салынған уақыты 22.01.2020 15:42

Уақыт көрсеткендей, корпоративтік спорт салауатты ұжымның негізі болып табылады. Қазіргі технология дамыған заманда дәл осы салауатты өмір салты өте маңызды болмақ: хал-жайдың жақсы болуы керемет көңіл-күйді және еңбек қабілеттілігі мен тиімділігінің жоғары деңгейін қамтамасыз етеді.

Осыған байланысты «Қазаэронавигация» РМК Қостанай филиалының кәсіби одағы 2020 жылдың бірінші жартысына «Рекорд» спорт кешенімен келісімшартты ұзартты. Бұл кешен қызметкерлерге шағын футбол, волейбол бойынша кездесулер өткізуге, сондай-ақ әр сенбі сайын жаттығу залында денесін жаттықтыруға мүмкіндік береді. Бұл осы жылдың наурыз айында ұйымдастырылатын және Наурыз мерекесіне орайластырылған жарыс алдында жақсы бастама болып отыр.

Ақпан айына жоспарланған Сосновый борға ұжымдық сапарға дайындық жүріп жатыр. Дәстүрлі түрде табиғатқа шығу шаңғы жарыстары, конькимен сырғанау және басқа да командалық ойындар ұйымдастырылатын «Деревенька в бору» демалыс базасында өтеді.

Дұрыс таңдалып, жұмыла ұйымдастырылған белсенді демалыс ұжымның ұйымшылдығына оң әсер етеді. Дені саудың жаны сау.

 

3646