ruenkz

Boeing 2020 жылдың басынан 737 MAX өндіруді тоқтатады

Салынған уақыты 21.01.2020 11:06

Америкалық Boeing концерні 737 MAX лайнерлерінің өндірісін 2020 жылдың қаңтарынан бастап тоқтата тұру туралы шешім қабылдады.
«Интерфакс» компанияның мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып, бұл модельдің ұшуына тыйым салынғаннан кейін өндіріс жалғаса берген, қазір қоймаларда 400 дайын ұшақ бар. MAX ұшуына тыйым салу күткендегіден ұзағыраққа созылғандықтан, клиенттерге өндіріліп қойылған лайнерлер ұсынылып, жаңаларын шығару тоқтатылатын болады.
Компанияның айтуынша, «737 MAX-ты пайдалануға қауіпсіз қайтару басымдыққа ие». Естеріңізге сала кетейік, «Боинг» 737 МАХ ұшақтарын барлық елдерде пайдалануға тыйым салу 2018 жылы 346 адамның өмірін қиған осы ұшақпен болған екі әуе апатынан кейін пайда болды.
 

3374