IATA 2019 жылғы пайдасының болжамын төмендетіп көрсетті
Салынған уақыты 17.01.2020 16:03
Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) экономиканың өсуі мен жаһандық сауда қырқысының баяулауы аясында ағымдағы жылы әлемдік авиация саласының пайда болжамын төмендетті. 2019 жылдың қорытындысы бойынша авиакомпаниялардың таза табысы 25,9 млрд долларды құрайды деп күтілуде, бұл маусым айында болжанғаннан 2,1 млрд долларға және бір жыл бұрын жарияланған бағалардан 10 млрд долларға аз деп хабарлайды IATA баспасөз парағында.
«Экономикалық өсімнің бәсеңдеуі, сауда қырқысы, геосаяси шиеленіс және қоғамдық тәртіпсіздік Brexit айналасында сақталып отырған белгісіздікпен қатар, авиакомпаниялардың қызметі үшін бұрынғыда болжанғаннан күрделірек жағдай жасап отыр», - деп мәлімдеді IATA бас директоры Александр де Жуниак.
Жаңа болжам авиакомпаниялар пайдасының өткен жылмен салыстырғанда 14%-ға төмендеуін шамалайды. Алайда, 2020 жылы IATA көрсеткіштердің біршама жақсаратынын да болжайды, дегенмен, көміртегі шығарындыларына қатысты алаңдаушылыққа байланысты авиациялық отынға салық енгізу туралы ұсыныстар Еуропаның кейбір жерлерінде әуе тасымалдарына деген сұранысты төмендететіндігін де ескертеді. Болжамды, сондай-ақ, Boeing-737 MAX ұшақтарының ұшуын қайта бастау мерзіміне қатысты белгісіздік те түсініксіз етіп отыр. Атап айтқанда, әуе кемелері нарығындағы ұсыныстың артығымен болуы тасымалдау көлемінің тым тез өсуіне алып келеді, бұл авиабилеттер құнының өсуін шектеп, 2020 жылға болжанған 29,3 млрд доллар деңгейіндегі пайда көрсеткішіне теріс әсерін тигізбек.
3316