ruenkz

S7 Airlines билет сатып алудың жаңа тәсілін енгізбекші

Салынған уақыты 16.01.2020 11:00

Frequentflyers порталы хабарлағандай, S7 Airlines авиакомпаниясында авиабилет сатып алудың Miles & Cash деп аталатын жаңа тәсілі пайда болды. Авиакомпания өзінің S7 Priority адалдық бағдарламасына қатысушыларға авиабилеттер сатып алудың жаңа әдісін ұсынады, онда құнның бір бөлігі милямен, ал бір бөлігі рубльмен төленеді. Осылайша, S7 субсидияланған рейстерінен басқа рейстеріне кез келген тарифтер бойынша билет сатып алуға болады.

Бұрын билетті тек толық құнына сатып алуға, оны ақшамен төлеуге немесе тарифті милямен, ал алымды ақшамен төлеуге болатын. Қазір жаңа төлем тәсілі s7.ru сайтында ғана қолжетімді, мұндай мүмкіндік жақын арада S7 Airlines мобильді қосымшасында да пайда болады.

Мұндай тәсіл кейбір басқа авиакомпанияларда да қолданылады, мысалы, Lufthansa, Turkish Airlines-те алымдарды милямен төлеуге болады, ал "ЮТэйр"-да ақша және милямен кез келген пропорцияда төлем жасауға болады, бұл ретте бір миля бір рубльге тең.

751