ruenkz

Канадада әлемдегі алғашқы электрлік ұшақ табысты түрде сынақтан өтті

Салынған уақыты 14.01.2020 12:15

10 желтоқсанда Солтүстік Америкадағы гидроұшақты өндіретін ең ірі Harbour Air авиакомпаниясы әлемдегі алғашқы толық электрлік коммерциялық лайнердің сәтті ұшқаны туралы жариялады. Электрлік әуе кемесін әзірлеуге «электрлік авиация саласындағы революционер» деп аталатын MagiX компаниясы да қатысты.

Бортында алты жолаушысы бар ePlane электрлік лайнерін Harbor Air компаниясының бас директоры және негізін қалаушы Грег Макдугалл басқарған. Оның айтуынша, бұл тарихи ұшу авиациядағы жаңа электр дәуірінің басталуын білдіреді. «Бүгін біз тарихқа ендік, — деді Макдугалл. —  Мен авиациялық және гидроұшақты индустриядағы Harbour Air көшбасшылық рөлін мақтан тұтамын. Канада ұзақ уақыт бойы авиацияда жетекші рөл атқарды, сондықтан осы керемет оқиғаның бір бөлігі болу біз үшін аса маңызды».

«Біз қымбат емес, экологиялық таза, коммерциялық электр әуетасымалдары ең жақын болашақта шындыққа айналуы мүмкін екенін дәлелдей алдық», — деп атап өтті MagniX бас директоры Рой Ганзарски. Таяу уақытта MagniX және Harbour Air қозғалтқышты сертификаттау және ұшақтарды электр қозғалтқыштарымен жабдықтау процесін бастайды. Бұған дейін НАСА сутегі отынымен жұмыс істейтін күштік қондырғылар әзірленгені туралы хабарлады.

3487