Қазақстан авиакомпаниялары 2019 жылдың басынан 7,1 млн адам тасымалдады
Салынған уақыты 13.01.2020 16:11
Қазақстан авиаторлары өткен жылы жолаушылар ағынының теңдессіз өсуі нәтижесінде жоғары жұмыс қорытындысын көрсетті: 2019 жылдың 10 айы ішінде қазақстандық авиакомпаниялар 7,1 млн.адам тасымалдады, бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6%-ға көп (6,7 млн. адам), деп хабарлады Капитал порталы.
Бүгінгі таңда ИКАО стандарттарына сәйкес ұшу қауіпсіздігі деңгейі бойынша Қазақстан ТМД елдері арасында 74% көрсеткішімен III орынды иеленді, авиациялық қауіпсіздік деңгейі 83% құрайды, бұл 2009 жылғы аудит көрсеткішінен 21% - ға артық. Қазақстанда жаңартылған көрсеткіш әлемдік орташа деңгей мәнінен 72% - ға асып отыр. Қазақстанның авиациялық қауіпсіздік саласындағы жетістіктері 2019 жылғы 24 қыркүйекте ИКАО Кеңесінің марапатымен аталып өтті.
Енгізілген "ашық аспан" режимі шеңберінде Қазақстан Республикасы Президентінің жаңа халықаралық бағыттарды ашу және жаңа шетелдік авиакомпанияларды тарту жөніндегі тапсырмасы бойынша жиіліктер бойынша шектеусіз және ауа еркіндігінің бесінші дәрежесін пайдаланумен Қазақстанның 11 әуежайында тұрақты ұшулар орындалды. Ішкі туризмді ынталандыру үшін шағын авиацияны дамыту жөнінде шаралар қабылдануда. Алдағы 5 жылда жергілікті әуе желілерінің тағы 13 әуеайлағын салу көзделіп отыр.
3474