ruenkz

Алматы қаласының әуежайында PBN енгізу

Салынған уақыты 13.01.2020 15:09

2020 жылғы 30 қаңтарда Алматы әуеайлағының терминалдық әуе кеңістігінде мынадай навигациялық ерекшеліктері бар ұшып шығу, ұшып келу және қонуға кіру PBN-схемалары пайдалануға енгізіледі: ұшып шығу (SID) және ұшып келу (STAR) схемалары үшін RNAV 1, қонуға кіру схемалары үшін RNP APCH (LNAV/VNAV).

Осы схемаларды әзірлеу кезінде «тұрақты биіктік алу режимі (CCO)» және «тұрақты төмендеу режимі (CDO)» тұжырымдамалары қолданылды.

Бұдан басқа, әзірленген PBN схемалары қосылу нүктесі бар (Point Merge System) ұшып келу процедураларын, сондай-ақ «Тромбон» (Trombone) үлгісіндегі элементтермен ұшып келу процедураларын қамтиды.

 Барлық схемалар «жылдам уақыт» (Fast Time Simulation) режимінде де, сондай-ақ «нақты уақыт» (Real Time Simulation) режимінде де жаттығу құрылғыларында үлгілеуден де, сондай-ақ ұшу валидациясынан (ұшу тексерістерінен) да сәтті өтті.

Осы схемалар кәсіпорынның сайтында орналасқан АИП 01/202020 түзетуінде жарияланған және http://www.ans.kz/AIP/eAIP/2020-01-30-AIRAC/html/index-ru-RU.html сілтемесі бойынша көшіріп алуға болады.

   

 

5009