ruenkz

Сочи әуежайында виртуалды шындық аймағы ашылды

Салынған уақыты 05.01.2020 11:15

2019 жылғы 1 желтоқсаннан бастап Сочи әуежайында виртуалды шындық аймағы іске қосылды. Ол әуе бекетінің екінші қабатындағы B секторында орналасқан деп хабарлайды аэровокзалдың баспасөз қызметі.

30 шаршы метр алаңда төрт заманауи аттракцион орнатылғаны белгілі болды.  Жолаушылардың шаттл, автокөлік, мотоцикл және арнайы капсуланы пайдалану мүмкіндігі пайда болды. Виртуалды шындық сандық технологиялардың арқасында жасанды жасалған кеңістікке ауысуға мүмкіндік береді. Сеанс кезінде адам шынайы сезімді басынан өткереді. Сондықтан саяхатшылар өздерін жарыс трегіндегі пилоттар сияқты сезініп, ғарышта, жұлдыздардың арасына болғандай болады.

Бір ойын сеансының ұзақтығы екі минуттан тоғыз минутқа дейін. Виртуалды шындыққа кіру үшін 350 рубль төлеу қажет. Виталий Севастьянов атындағы Халықаралық әуежай қазіргі заманғы технологияларды белсенді түрде енгізуде. Күзде әуе бекетінде капсулалы қонақ үй ашылды. Бұл форматтағы қонақ үй Ресейдің оңтүстігінде алғаш рет пайда болды.

3705