ruenkz

«Аэрофлот» әуежайларда құстарға қарсы күрес компаниясын құруды ұсынды

Салынған уақыты 30.12.2019 12:04

Аэрофлот» әуежайларда орнитологиялық қорғауды қамтамасыз ететін компанияны құру бастамасын көтерді, деп хабарлайды ТАСС. Мұндай ұйымды Көлік және коммуникация министрлігінің немесе Росавиацияның қолдауымен іске қосуды ұсынады.

Орнитологиялық қорғауды арттыру үшін авиатасымалдаушы арнайы компания құруды және маусымдылығына қарай оның қызметкерлерін ең проблемалы авиаайлаққа жұмыс істеу үшін жіберуді ұсынды. Сондай-ақ аэровокзалдар аумағында аң аулайтын  жануарлар - құстар мен иттерді пайдалану ұсынылады. Мұндай әдіс шетелдік әуе айлақтарында бұрыннан қолданылып келеді және бұл оң нәтиже беріп отыр.

Мысалы, Шереметьево әуежайы (Ресейдегі ең ірі, «Аэрофлот» үшін базалық) жаттықтырылған жануарларды пайдалана отырып қорқыту әдісін қолданбайды», - деп атап көрсетілген баяндамада. Бүгінде ресейлік авиаайлақтарда орнитологиялық қорғаудың «стандартты» түрі - шөпті шабу жиі қолданылады. Дегенмен, құстардың кейбір түрлері (мысалы, шағалалар), керісінше, жоғары шөптен қорқады. Осыған байланысты орнитологиялық қауіпсіздік жөніндегі қолданыстағы құжаттаманы қайта қарау және оны халықаралық стандарттарға сәйкестендіру қажет.

3363