ruenkz

Boeing қайырымдылыққа ең үлкен сома жұмсамақ

Салынған уақыты 27.12.2019 16:16

Америкалық Boeing корпорациясы қайырымдылық ұйымдарына 48 млн доллар аудармақ. 400-ден астам коммерциялық емес ұйымдар қаржылық көмек алады, деп жазады Simple Flying.

Хабарламада айтылғандай, қайырымдылық бағдарламалары аясында ақша жарналары бүкіл әлем бойынша 50 елге жөнелтіледі. Бұл бір жолғы қайырымдылықтар ғана емес, сонымен қатар бұған авиакорпорация қызметкерлерінің жыл бойы жасаған қайырымдылық жарналары да қосылады. Осылайша, 2019 жылы Boeing қайырымдылыққа рекордтық сома жұмсайды. Барлық жарналарды ескере отырып, жыл бойы авиақорпорация қайырымдылыққа 230 млн доллардан астам қаржы жұмсайды.

Қайырымдылық салымдарды ардагерлер мен әскери қолдау жөніндегі білім беру бағдарламаларын, ғылым, техника және математика саласындағы бағдарламаларды, сондай-ақ авиация саласы үшін білікті кадрлар даярлау жөніндегі бағдарламаларды қаржыландырады. Мысалы, Boeing Түркияда алғашқы Newton ұшу академиясын іске қосуға 800 мың доллар жұмсады. Бұл авиациялық кеңістіктегі техникалық пәндер бойынша сабақ беретін арнайы мектеп (негізінен, оқушылар ұшақпен ұшуға үйренеді).

 

882