ruenkz

Dubai Airshow 2019 көрмесінде «Ростех» ұшқышсыз әуе кемелерінен қорғау кешенімен таныстырды

Салынған уақыты 26.12.2019 11:56

«Ростех» мемлекеттік корпорациясы ұшқышсыз әуе кемелерінен қорғау кешенін ұсынды. Жаңа өнімнің тұсаукесері Dubai Airshow 2019 халықаралық әуе көрмесінің аясында өтті деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.

Кешен «Рубеж-Автоматика» деп аталады және дрондарды адамның қатысуынсыз анықтап, оны жоя білетін интеллектуалдық жүйенің көмегімен басқарылады. Белгілі болғандай, техникалық құрал оңай тасымалданады, өрістету уақыты — бес минуттан аспайды. Барлық кешен түрлі объектілерді табу, радиотехникалық барлау мен радиоэлектрондық басу құралдарын қамтиды.

«Біздің технологиялар кешендер объектілердің ерекшеліктеріне бейімделген жағдайда қоршаған коммуникациялық және навигациялық жабдықтың жұмысын бұзбайтын бірегей алгоритмдерге негізделген, сондықтан оларды әуежайларда, қалалық жағдайда, жоғары технологиялық өнеркәсіптік объектілерде қауіпсіз пайдалана беруге болады», — деді «Ростех» атқарушы директоры Олег Евтушенко. «Рубеж-Автоматика» кешені алғаш рет көпшілік қауымға таныстырылып, олардың арасында әлеуетті шетелдік тапсырыс берушілердің бар екені де белгілі болды.

814