Boeing алғашқы 737MAX-10 ұшағын көпшілікке көрсетті
Салынған уақыты 26.12.2019 11:07
22 қарашада Boeing көп шу көтермей, алғашқы MAX-10 ұшатын данасын Рентон қаласындағы (Вашингтон шт.) зауыт аумағында өз қызметкерлері үшін ғана ұйымдастырды деп жазады Ато.ру.
Бұл модификация Airbus A321neo бәсекелесі ретінде құрылған, бірақ, өкінішке орай, әзірлеуші оның еуропалық оппоненті қол жеткізген табысты сатылымдармен мақтана алмайды. Boeing өзінің ұшу қауіпсіздігі мен клиенттерге адалдығын алға қоятынын және MAX-10 «өзіндік тасымалдау құны барлық осы уақытқа дейін шығарылған тар фюзеляжды ұшақтардың арасында ең төмені болып саналатынын» мәлімдейді. ӘК өзінің алғашқы ұшуын 2020 жылы жасайды деп күтілуде.
B-737 MAX-10 230 жолаушыға дейін тасымалдауға арналған және қосымша отын багымен жабдықталғандықтан, 6100 км қашықтықты қамти алады. Бұл B-737MAX-9 қарағанда, 10 жолаушыға артық және 460 км артық деген сөз. Қазіргі уақытта Boeing портфеліне 20 клиенттен MAX-10-ға 550 тапсырыс келіп түскен, олардың ішінде United Airlines, VietJet Air, Lion Air және flydubai сияқты тасымалдаушылар бар.
3465