ruenkz

«Белавиа» багажсыз тарифтер енгізеді

Салынған уақыты 23.12.2019 15:32

Белоруссияның «Белавиа» ұлттық авиатасымалдаушысы 18 қарашадан бастап багажсыз тарифтер енгізді. Сонымен қатар, тарифтердің жаңа жүйесі аясында қол жүгінің салмағы 8-ден 10 кг-ға дейін артты. Сондай-ақ жолаушыларға қызметтерді өз бетінше таңдау ұсынылады, деп хабарлайды Туристер порталы.

Багажсыз тарифтердің енгізілуіне байланысты авиабилеттердің құны төмендейді, багаж тарифіне қатысты айырмашылық 65 еуроға дейін болады. Жаңа ережелер 18 қарашадан бастап жасалған брондау үшін қолданылады.

Шешім жалпы әлемдік үрдіске байланысты қабылданды: қазіргі уақытта көптеген авиатасымалдаушылар багажсыз тарифтер енгізуде, бұл оларға шығындарды қысқартуға және қосымша пайда алуға мүмкіндік береді.

940