ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК-ның филиалдарында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні аталып өтті

Салынған уақыты 20.12.2019 13:21

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін мерекелеу аясында Қостанай филиалында салтанатты іс-шара өткізіліп, онда филиал директоры барлығын мерекемен құттықтап, 2019 жылдың қорытындысын айтты.
«Қазаэронавигация» РМК бас директоры А.Ғ. Бектұров атынан МҚҚБ маманы Б.Т. Жанабаеваға құрмет грамотасы берілді.
Мінсіз жұмысы және көпжылдық еңбегі үшін филиал директорының атынан алғыс сөздер мен тілек айта отырып, МБЖК инженері Р.А. Карпенко мен слесарь-сантехник В. П. Шевченкоға құрмет грамоталары табыс етілді.
Алматы қаласындағы Кәсіби дайындау орталығында оқуды үздік аяқтап, «ЖДП» диспетчерлік пунктінде тағылымдамадан сәтті өткен ӘҚҚ қызметінің авиадиспетчері А.К. Тілеубаевқа куәлік табыс ету де осы айтулы күнмен қатар келді.
 
«Қазаэронавигация» РМК-ның Қарағанды филиалында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік  күніне  арналған  салтанатты  іс-шара  өтті.
Филиал директорының  міндетін  атқарушы Владимир  Ясаков  құттықтау  сөзінде  Тәуелсіздік  күні   барлық  қазақстандықтар  үшін ең басты  мереке  болып  саналатынын, оның еліміздегі ұлттық  мереке деген  мәртебеге  ие  жалғыз мейрам екенін  айтып кетті.
«Тәуелсіздік күніне орай  жұмыскерлерді  марапаттау  туралы»  «Қазаэронавигация» РМК-ның Бас директоры А. Бектұровтың бұйрығы салтанатты  түрде  оқылды. Бұйрыққа сәйкес  филиал жұмыскерлері  ӘҚҚҚ  ұшу  басшысы Рифхат Яруллин, РТЖБПҚ ҰРТҚК  жетекші инженері Рушан Гайнутдинов  бас директордың  құрмет грамоталдарымен  марапатталды.  
Еліміздің  басты мерекесінің  алдында  Игорь Евдокимов  Азаматтық  авиация саласында 40 жыл үздіксіз  жұмыс өтіліне байланысты филиал  басшылығы  атынан алғыс хатпен  марапатталды.  
Сонымен қатар,  ұжым оны 60 жасқа толу мерейтойымен  құттықтады.
Мерекеге  орай  филиал кәсіподағы  үстел теннисі  бойынша  спорттық  іс-шара  ұйымдастырды.  
 
 

 

1369