ruenkz

ЭКСПО-2020 кезінде Emirates авиакомпаниясы болашақтағы азаматтық авиациямен таныстырады

Салынған уақыты 20.12.2019 12:21

Emirates авиакомпаниясы келесі жылдың 20 қазанында ашылып 2021 жылдың 10 сәуірінде аяқталатын Дубай қаласындағы ЭКСПО-2020 халықаралық көрмесінің қатысушысы болады. Тасымалдаушы инновациялық жаңалықтарды ұсынып, болашақ азаматтық авиацияның қалай болатынын көрсетеді, деп хабарлайды Emirates баспасөз қызметі.

Хабарламада айтылғандай, авиакомпания 3000 шаршы метрден астам алаңда үш қабатты павильон салады. Оның дизайны EXPO-2020 —  ұтқырлық, жаңа перспективалар мен тұрақты даму тақырыптарын ескере отырып әзірленді. Ғимарат ұшақтың қанаттарын бейнелейтін 26 көлбеу конструкциямен безендірілді. Бірінші қабатта негізгі экспозиция орналастырылады, екінші қабатта өнер көрсетуге арналған аудитория салынады, ал үшінші қабатта бақ орналастырылады, онда келушілер табиғат пен жасыл ландшафтарды тамашалай алады. Emirates павильоны болашақта коммерциялық авиация қалай болатынын көрсетеді.  Аэродинамиканың негізгі принциптерін пайдалана отырып, келушілерге авиацияның қалай ұйымдастырылатыны түсіндіріледі.

Болашақ зертханасында ұшақтардың салмағын азайтуға және отын үнемдеуді арттыруға мүмкіндік беретін инновациялық материалдардың қалай зерттелгенін көруге болады. Мұндай материалдар болашақ лайнерлер үшін негіз бола алады. Emirates павильонының қонақтары көздің шатырша қабығын тануды пайдаланып қана қоймай, сондай-ақ дауыс пен басты сканерлеу арқылы жолаушыларды биометриялық бақылау жүйесімен танысады. Соңында, келушілерге қанатты, фюзеляжды, қозғалтқышты және басқа да элементтерді құрастыру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, өзінің мінсіз болашақ ұшағын жасап және күйіне келтіру мүмкіндігі беріледі.

3573