ruenkz

Атырауда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай мини-футболдан турнир болып өтті

Салынған уақыты 19.12.2019 16:09

Атырауда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай, «Геолог» шынықтыру-сауықтыру кешенінде мини-футболдан турнир болып өтті.
Шараны «Әуе қозғалысын ұйымдастыру бойынша қызметкерлердің салалық кәсіби одағы» АҚ «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалы ұйымдастырды.
Турнирге 9 команда: «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ-ның құрылымдық бөлімшелерінен 4 команда, «Евро-Азия Эйр» АҚ, «Prime Aviation» АК АҚ, Атырау DHL, Кедендік бақылау бөлімі және «Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалы қатысты.
«Қазаэронавигация» РМК Атырау филиалының директоры Марат Жұматұлы Алдияров пен «Атырау халықаралық әуежайы» АҚ басқарма төрағасының өндіріс жөніндегі орынбасары Айбат Тұрғалиұлы Кукатов барлық командаларды ұлттық мейраммен құттықтап, турнирде лайықты жақсы ойын көрсеткендері үшін алғыс айтты, ал жеңімпаздарға кубоктар мен дипломдарды табыс етті. 
 
 
  

1509