Hahn Air авиакомпаниясы билетті блокчейн арқылы сата бастады
Салынған уақыты 19.12.2019 10:29
Hahn Air авиакомпаниясы билет сату үшін блокчейн технологиясын қолдана бастады, деп жазады ZDNet басылымы. Хабарламада айтылғандай, мұндай қызмет әуе қызметтері нарығында алғаш рет жүзеге асырылуда. Hahn Air авиакомпаниясы Winding Tree платформасымен серіктестік келісім жасасты, бұл тасымалдаушыға блокчейн технологиясын пайдалана отырып, жолаушыларды тіркеуге, брондауды басқаруға және төлемдерді алуға мүмкіндік берді.
Хабарланғандай, қолма-қол ақша, несие картасы немесе криптовалюта сияқты төлем тәсілдері қабылданады. Hahn Air корпоративтік стратегия бөлімінің басшысы Йорг Троестердің айтуынша, блокчейн технологиясы әуе тасымалының сапасын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктерді зерттеуге мүмкіндік береді. Блокчейннің негізгі артықшылықтарының бірі - авиакомпаниялар, туристік компаниялар және қонақ үйлерді брондау жүйелері сияқты нарықтың барлық қатысушылары делдалсыз транзакциялармен қосыла және алмаса алады. Бұл қарапайым саяхатшылар үшін де ыңғайлы, олар шығындар қысқартып, осындай платформаның арқасында саяхат нұсқаларын қарастыра алады.
«Технология 100% қорғалған. Барлық қажетті ақпарат орталықсыздандырылған бухгалтерлік кітапта сақталады, ол миллиондаған құралдар арқылы тексеріледі, сондықтан оны өзгерту немесе қолдан жасау мүмкін емес. Біз платформаны одан әрі сынақтан өткізіп, блокчейннің дамуын қадағалауымыз керек, содан кейін серіктес-авиакомпанияларымызға жұмыстың осындай нұсқасын ұсына аламыз», - деді Троестер.
3301