National Geographic «Жеке ұшақпен әлемді аралау» ерекше турын бастайды
Салынған уақыты 18.12.2019 13:44
Танымал National Geographic туристік басылымы эксклюзивті авиасапарын бастайды. Әлемдегі ең танымал көрікті жерлер бойынша әлемдік авитурне Icelandair авиакомпаниясымен бірлесіп жасалған, деп жазады Simple Flying.
Белгілі болғандай, туристер арнайы модификациялық Boeing 757 ұшағымен ұшады. Лайнер тері креслоларымен жабдықталған және 75 жолаушыны тасымалдауға есептелген. Бұл дегеніміз, саяхатшыларға салонда жеке кеңістік көбірек болады (мысалы, стандартты Boeing 757 233 адамға арналған) және жеке авиатасымалдау тәжірибесін пайдалана алады.
Күтілгендей, National Geographic эксклюзивті турнесінің құны арзан емес. Екі орынды брондау бағасы бір адам үшін 89 945 долларды құрайды, ал бортта бір орынды орналастыру құны одан да жоғары — 98 940 доллар. Айта кету керек, Boeing 757 жеке авиатасымалдар үшін жиі қолданылады. Сонымен қатар, осы әуе кемесінде 2015 жылдың 25 қарашасында Icelandair Авиакомпаниясы Антарктидаға алғашқы коммерциялық ұшуды орындады — ұшақ Юнион Глейшер мұздығына қонды.
3768