«Қазаэронавигация» РМК-да Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мемлекеттік мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті
Салынған уақыты 13.12.2019 10:39
Мемлекеттік мереке саналатын Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында «Қазаэронавигация» РМК-да салтанатты жиын өтті.
Іс-шараға орталық аппараттың, «Орталық Қазақстан ӘҚҰ ӨО» филиалының және кәсіпорынның басқа да филиалдарының басшылары мен қызметкерлері қатысты.
«Қазаэронавигация» РМК бас директоры А.Ғ. Бектұров баяндама жасады.
Азат Ғаббасұлы мемлекеттің тәуелсіздікке қол жеткізуінің ерекше маңыздылығын, Кәсіпорын ұжымының тәуелсіздік жылдары ішіндегі жоғары көрсеткіштерін атап өтті.
Қалыптасқан дәстүр бойынша, Кәсіпорынның ерекше көзге түскен қызметкерлеріне бас директор салтанатты түрде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен «Қазаэронавигация» РМК басшылығының Құрмет грамоталарын тапсырды.
Кәсіпорынның барлық қызметкерлерін келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
4241