2025 жылға қарай авиакомпаниялар авиация саласына мүмкіндігінше әйелдерді көп тартуға тырысатынын айтты
Салынған уақыты 11.12.2019 14:00
«Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) жетекші әлемдік авиакомпанияларды гендерлік әртүрлілікті күшейтуге және авиацияға әйелдерді барынша көп тартуға шақырды» деп жазады Simple Flying. Бастама «2025 жылға қарай 25» деп аталды.
Осындай атаудың артында идеяның «2025 жылға қарай авиациялық саладағы негізгі лауазымдардағы әйелдердің санын 25%-ға арттыру» деген негізгі мәні жасырылған. Бастаманы Lufthansa авиакомпаниясының бас директоры Карстен Шпор басқарды. Ол көптеген жылдар бойы неміс тасымалдаушысы әйелдерді авиацияға тарту үшін бірақ қадам жасағанын атап өтті. "Алайда бізге жас әйелдерді авиациядағы жұмыспен қызықтыруға мүмкіндік беретін батыл әрекеттер мен өзгерістер қажет", — деді Карстен Шпор.
Бастаманы 30-дан астам авиакомпания өз тарапынан қолдады және оның ішінде airBaltic, Air France, Finnair, Hahn Air, Scandinavian Airlines және Swiss International Airlines сияқты ірі тасымалдаушылар бар. IATA өкілдері де шет қалмады — олар осы мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететінін және озық тәжірибемен алмасу үшін барынша қолайлы орта құруға тырысатынын мәлімдеді. Қазіргі таңда әйелдер әлемдік азаматтық авиациядағы барлық жұмыс күшінің оннан бір бөлігін ғана құрайтыны белгілі.
3301