ruenkz

«Қазаэронавигация» РМК делегациясы ИКАО TRAINAIR PLUS 6-шы жаһандық симпозиумына қатысты

Салынған уақыты 12.12.2019 12:32

2019 жылғы 4-6 желтоқсан аралығында Нью-Дели қаласында (Үндістан) ИКАО TRAINAIR PLUS 6-шы жаһандық симпозиум өтті, оған «Қазаэронавигация» РМК делегациясы қатысты.
«Жаңа мүмкіндіктерге арналған инновациялық оқыту» ИКАО TRAINAIR PLUS жаһандық симпозиумы GMR GROUP қолдауымен GMR авиациялық академиясымен (Үндістан) бірлесіп өткізілді.
Саммитке 300-ден астам адам қатысты.
ИКАО-ның Бас хатшысы атынан ИКАО техникалық ынтымақтастық бюросы директорының орынбасары Мешеш Беляне мырза құттықтау сөз сөйледі, ол Global Aviation Training жұмысына жетекшілік етеді.
Симпозиум аясында авиациялық оқу қауымдастығы тап болатын мүмкіндіктер мен проблемаларды шешу үшін инновациялық оқыту жолдары қарастырылды.
Бұл саланың сарапшылары саланың тез өзгеретін қажеттіліктерін, демографиялық сипаттамаларды, зерттеулер мен әзірлемелердегі жаңа технологиялар мен үрдістерді, сондай-ақ оқытудағы инновацияның басқа да маңызды элементтерін талқылады.
Сондай-ақ, бірқатар шет елдердің (Тунис, Парагвай, Венесуэла, Жаңа Гвинея) TRAINAIR PLUS оқу орталықтарын мүшелікке қабылдау рәсімі өтті.
«Өз серіктесіңді тап» сессиясы аясында сала, АОО және ИКАО өкілдерімен кездесулер мен келіссөздер өткізілді. Оларға Алматы қ. КДО, даярлаудың негізгі бағыттары таныстырылды.
ИКАО өкілдерімен TRAINAIR PLUS бағдарламасы шеңберінде КДО одан әрі дамыту мәселелері, сондай-ақ RTCE (ИКАО өңірлік орталығы) мәртебесіне қол жеткізу бойынша пікір алмасу талқыланды.
 
  
 
  

3836