«Қазаэронавигация» РМК филиалдарында «Абай-175» челленджі жалғасуда
Салынған уақыты 11.12.2019 10:07
«Қазаэронавигация» РМК Қызылорда филиалының қызметкерлері Қазақтың ұлы ақыны, әрі ойшылы Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған өлеңдерін оқу эстафетасын «Қазаэронавигация» Атырау филиалының әріптестерінен зор шабытпен қабылдап алды.
Қызылорда филиалының қызметкерлерімен Абайдың «Бірінші» қара сөзі оқылды: «Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық – әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын», әрі қарай Абайдың «Сенбе жұртқа, тұрса да қанша мақтап» үш шумақ өлеңі жатқа оқылды. Соңында музыкалық сүйемелдеумен Абайдың «Желсіз түнде жарық ай» әні орындалды.
Қызылорда филиалының қызметкерлері А.Құнанбайұлының - 175 жылдығына арналған эстафетаны салтанатты қабылдап, соңында жылы тілекті лебіздерімен эстафетаны «Қазаэронавигация» РМК Ақтау филиалына жолдады.
бейнебаян: https://cloud.mail.ru/public/5kzX/3hTQf1B68
4335