ruenkz

Түрік әуежайларында балалары бар жолаушыларды бөлек кезекке қояды

Салынған уақыты 10.12.2019 17:02

Түркия әуежайларында кішкентай балалары бар жолаушылар мен жүкті әйелдер паспорттық бақылаудан өтуге, багажды тапсыруға және бортқа кезектен тыс шығуға мүмкіндік беріледі. Бұл туралы «Вестник АТОР» хабарлайды.

Түркия әуежайларының мемлекеттік басқармасы (DHMI) елдің әуеайлақтарында жаңа қызмет көрсету жүйесін іске қосу туралы мәлімдеді. Енді қозғалуы шектеулі адамдарға, сондай-ақ балалары бар жолаушылар мен жүкті әйелдерге түрлі сервистерге басымдық беріледі. HDMI-де аталған жолаушылар топтары өз багажын кезексіз тапсыруға, қону талондарын ресімдеуге, сондай-ақ паспорттық бақылаудан өтуге және қонуға шығуға болатынын түсіндірді.

Жолаушыларға қызмет көрсетудің жаңа форматының алғашқы қадамы Стамбул әуежайы болады. DHMI өкілдері бұл жерде басым қызметті осы қыста іске қосуға болатынын мәлімдеді. Мамандардың айтуынша, Түркияның ең үлкен әуеайлағында осындай жүйені енгізу үшін барлық жағдай жасалған.

 

3294