ruenkz

Көкшетау филиалында метеорологиялық қызметтің жетекші инженерін құрметті демалысқа шығарып салды

Салынған уақыты 10.12.2019 16:46

Өткен аптада «Қазаэронавигация» РМК Көкшетау филиалында метеорологиялық қызметтің жетекші инженері Ирина Васильевна Степанованы құрметті демалысқа шығарып салды.
Филиал басшылығы И.В. Степановаға алғыс хат табыс етті.
Степанова И.В. Саратов мемлекеттік университетін "Метеорология" мамандығы бойынша тәмамдаған. 1981 жылдан бері азаматтық авиация саласында жұмыс істейді. Жалпы еңбек өтілі 38 жылдан асады.
2015 жылы «Қазаэросервис» АҚ Көкшетау АМСА өкілдігі қайта құрылғаннан кейін Ирина Васильевна «Қазаэронавигация» РМК Көкшетау филиалына метеорологиялық қызметтің жетекші инженері болып қабылданды.
 Авиациядағы жұмыс істеген жылдары метеорологиялық қызметтің дамуына үлкен үлес қосты, жас мамандармен өзінің үлкен өндірістік, өмірлік тәжірибесімен бөлісіп, кәсіби дағдыларын үйретті.
Ол тәжірибелі әріптестері үшін жарқын үлгі болса, өскелең ұрпақ үшін - дана тәлімгер.
 

1319