ruenkz

11 жылдан кейін әуежайлар қандай болмақ?

Салынған уақыты 09.12.2019 14:52

 Әуе саласы үшін IT-шешімдер ұсынатын SITA халықаралық жүйесінің сарапшылары     2030 жылға қарай әуежайлар қандай болатынын айтты. Жолаушыларға «ақылды» туннельдер мен әуежайға келмей тұрып кеденнен өтуді уәде етілді. Бұл жөнінде Buying Business Travel жазады.
SITA бизнесті дамыту жөніндегі директоры Бенуа Вербердің айтуынша, жолаушыларға 2030 жылы ұшаққа кіру үшін бақылау аймақтарына тоқтап, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Олар «ақылды туннель» арқылы өтуі керек. Бұл жеке тұлғаны сәйкестендіру жүйесі мен рейс туралы деректерді тексеру жүйесі бар арнайы дәліздер. Ол үшін нақты адамның жеке ID және билік органдарымен қашықтан өазара іс-қимылы ғана қажет.
Болашаққа тағы бір қадам орталықсыздандыру болады. Жолаушы әуе айлағына келгенге дейін барлық кедендік тексеруден өте алады. Бұл жолда орнатылған түрлі датчиктер мен сенсорлардың арқасында мүмкін болады. Олардың көмегімен жолаушы мен оның багажы алдын ала белгіленіп, бақыланады.
Келесі онжылдықтың соңына қарай пайда болатын тағы бір ноу-хау. Әуежайларда сандық егіздер пайда болады. Яғни әрбір әуе айлағында барлық өнімдермен, сервистермен және объектілермен онлайн-модель болады. Бұл жүйенің өнімділігін талдау және арттыру үшін тиімді құрал алуға мүмкіндік береді. Мұндай бірыңғай экожүйе жасанды интеллектпен бірге жолаушыларға көптеген мәселелерді қашықтықтан шешуге көмектеседі. Мысалы, дауыстық көмекшінің арқасында ол А25 шығысындағы қызыл чемоданның бар-жоғын біле алады, деп түйіндеді сарапшы.
 

3521