ruenkz

Airbus өндірісінің Beluga XL ұшағы EASA сертификациясынан өтті

Салынған уақыты 06.12.2019 14:20

Еуропалық авиатасымалдар қауіпсіздігі агенттігі (EASA) Airbus өндірісінің Beluga XL сыйымдылығы ұлғайтылған арнайы жүк ұшағын сертификаттады, деп хабарлайды Ato.ru порталы.

Beluga XL А330-200 кең фюзеляжды ұшақтың базасында негізінен A350 бағдарламасының мүддесінде тасымалдауды қамтамасыз ету үшін құрылған. ӘК Rolls-Royce өндірісінің Trent 700 қозғалтқышымен жабдықталған.

Ұшақ толық жүктелгенде 4000 км дейінгі қашықтыққа ұшуды орындай алады. Онымен 51 тоннаға дейінгі массадағы жүктерді тасымалдауға болады Транспорттың ұзындығы 63,1 м, қанатының құлашы — 60,3 м, биіктігі — 18,9 м, ең жоғары ұшу салмағы 227 т.

1192