ruenkz

«Қазаэронавигация» БПҰ Нұр-Сұлтан қаласының бастауыш партия ұйымдары арасында 1 орын алды

Салынған уақыты 29.11.2019 17:30

2019 жылғы 29 қарашада "Нұр Отан" партиясы астаналық филиалының төрағасы Алтай Көлгіновтің қатысуымен партия активінің жиналысы өтті, онда партияның жұмысын күшейту жөніндегі Саяси кеңес отырысында 25 қарашада айтылған Елбасының тапсырмалары түсіндірілді.

Елорда әкімі бастауыш партия ұйымдарын күшейту және жастармен жұмыс жөніндегі алдағы үлкен жұмыс туралы айтты.

Сондай-ақ, А. Көлгінов жаңа мүшелерге партиялық билеттерді табыс етіп, «Үздік бастауыш ұйым» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.

«Нұр Отан» партиясы «Бірлік» филиалының бастауыш партия ұйымдары арасында «Үздік бастауыш ұйым» байқауының жеңімпазы -«Қазаэронавигация» БПҰ болып анықталды.

Астана әкімі диплом мен жеңімпаз Кубогын «Қазаэронавигация» БПҰ төрағасы Қ.Ғ. Кәкенге табыстады.

«Қазаэронавигация» БПҰ спорттық және қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене қатыса отырып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша ең белсенді болып табылатынын атап өту қажет.

1533