ruenkz

Франкфурт әуежайында авиажолаушыларды ұшатын шарлар қадағалайды

Салынған уақыты 29.11.2019 11:00

Германияда әуежай терминалдары бойынша қозғалатын және жолаушыларды қадағалайтын ұшу аппараты сынақтан өтті. Бұл туралы Airport Technology жазды.

Fraport терминалдарын басқару бөлімінің басшысы Александр Лаукенманн H-Aero сынақтарын жүргізгеннен кейін, инновациялық технологияларды пайдалану тіркеу залдары мен терминалдарда қауіпсіздікті қамтамасыз етуді қоса алғанда, әуежайлар қызметінің барлық салаларында маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Мамандар жақында H-Aero сынағын жаңа функциялар мен қосымшалармен жалғастыруға уәде берді.

Өткен жылы Wired басылымы әлемнің әуежайларына енгізілетін инновациялық қызметтерді атады. Олардың қатарына жолаушыларды отырғызу талонын алу және багажды тапсыру үшін белгілі бір авиакомпанияның бағанын іздеу қажеттілігінен арылтатын әмбебап тіркеу тіректері кірді.

Тағы бір жақсы инновация ретінде көмекші роботтар аталды. Мұндай роботтар Токио әуежайында жұмыс жасауда, олар жолаушыларға өзінің отырғызуға жол табуына көмектеседі.

Схипхол әуежайында басқа заманауи жаңалық сынақтан өтті, ол - жолаушыларға сөмкеден ноутбук шығармауға және ұшақ салонында сұйықтықты алып жүруге мүмкіндік беретін қол жүгін тексеруге арналған арнайы сканер.

 

3475